Президент

Ерлан Әлімбаев ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды

Фото: inform.kz
Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Kazpravda.kz ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған дейін хабарланғандай, ҚР Президентінің жарлығымен Ерлан Алтынбайұлы Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан, Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы, Бангладеш Халық Республикасындағы, Непал Федеративтік Демократиялық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымын қоса атқарудан босатылды.
11:14, 19 Сәуір 2021
0
1870
Жазылу

Көп оқылғаны