Президент

Электр қуатының нарығында үш-ақ компанияның озық тұруы дұрыс емес – ҚР Президенті

Фото пресс-службы Президента РК
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев электр энергетикасы саласын дамытуға халықаралық инвесторларды тарту маңызды міндет екенін айтты, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Біріккен Араб Әмірліктері, Франция және Еуропаның басқа да мемлекеттерінің инвесторларымен келіссөздер жүргізілуде.

"Тұрақты жабдықтау, тарифтердің қолжетімділігі – ұлттық бәсекеге қабілеттіліктің басты компоненттері. Сондықтан электр энергиясының құнын әділетті нарық құнына негіздеу маңызды болып отыр. Бүгінде электр қуатының көтерме нарығында үш-ақ компания озық тұр. Олар нарықтың 70 пайызын қамтиды. Мұны соншалықты дұрыс деуге келмейді. Электр қуатының көтерме саудасындағы екіжақты шарттар жаңадан ашылған сатып алушы компанияларға кедергі келтіріп, электрмен қамтудың бөлшек сауда нарығындағы бәсекенің дамуына тосқауыл болып отыр. Бұл тұтынушылар үшін бағаның қымбаттауына алып келеді", – деп атап өтті Президент электр энергетикасы саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңесте.

Мемлекет басшысы Энергетика министрлігіне Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп, аталған мәселені мұқият пысықтау тапсырылды.

Бұдан бөлек Үкіметке парниктік газдардың қалдықтарына квота сату жүйесін қайта іске қосуды қамтамасыз ету қажет.
Автор:
Жанат Тукпиев
18:09, 26 Мамыр 2021
0
6364
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны