Оқиға

Жоғалған Орал тұрғыны өлі күйінде табылды

Изображение с сайта pixabay.com
Бір ай бұрын із-түзсіз жоғалған Орал тұрғыны өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Kazpravda.kz өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"7 қазан күні шамамен сағат 19:40 Шаған өзенінің жағалауында (Бәйтерек ауданының Достық және Чувашка кенттерінің арасында) ер адамның мәйіті табылды. Жедел іздестіру шаралары барысында ол із-түзсіз жоғалған 1980 жылы туған азамат екені анықталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды", – делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінде аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Осыған дейін БАҚ-та тамыз айында ер адам үйінен шығып, қайта оралмағаны туралы хабарланған.

Автор:
Айдана Демесинова
17:05, 8 Қазан 2020
0
20280
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны