Оқиға

Тауда жоғалған алматылықтың мәйіті табылды

Иллюстративное фото с сайта pixabay.com
Алматы тауларында жоғалған ер адамдның өлі денесі табылды, деп хабарлайды Kazpravda.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2021 жылғы 12 ақпан сағат 14:30-да іздестру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде "Шымбулачка" шатқалында 1981 жылы туған ер адамның жансыз денесі табылды. Кешелі бері құтқару операциясы ауа райының нашарлығына байланысты жаяу түрде тәулік бойы жүргізілді. Сондай-ақ «Қазавиақұтқару» мекемесінің КА-32 әуе борты да іздестру жұмыстарына әзірленді. Алайда қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты тікұшақ әуеге көтерілмеді", – деді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Іздестіру жұмыстарына ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі халықаралық орталықтың ұшқышсыз басқару аппараты (дрон) қолданығаны аталып өтілді.

"Дрон теңіз деңгейінен 5 мың 300 метрден астам биіктікке 5 мәрте көтерілген. Кезекті іздестіру барысында дрон адамның құлаған ізін көрсетті. Осы арқылы құтқарушылар жоғалған адамның болжамды іздестіру аумағын белгілеген. Кейін альпинистік жабдықтар мен жіптерді қолдана отырып, құтқарушылар шатқалға түсті. Көшкін қаупіне қарамастан, қазіргі уақытта зардап шегушіні тасымалдау жұмыстары жүргізілуде. Мәйітті тасымалдау шамамен 3 сағаттан астам уақытты алуы мүмкін", – деп қосты баспасөз қызметінде.

Естеріңізге сала кетейік, іздестіру-құтқару жұмыстарын үйлестіру үшін оқиға орнында Алматы қаласы ТЖД жедел штабы құрылды. Осылайша құтқару операциясына барлығы 70 құтқарушы, 12 бірлік техника жұмылдырылды.
Автор:
Айдана Демесинова
17:38, 12 Ақпан 2021
0
13426
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны