Оқиға

Тараздағы өрт салдарынан үш адам қаза тапты

Фото предоставлено источником
Тараздағы өрттен 3 адам көз жұмды, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

"Жамбыл облысының Тараз қаласында өрттен үш адам қайтыс болды. Апат құрбандары 1936, 1960 және 1982 жылы туған азаматтар", - деп мәлімдеді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Алдын ала мәліметтер бойынша өрт кезінде егде жастағы әйел мен оның баласы түтінге уланған. Жанында орналасқан ас үйде тұратын немересі өрт сөндіру қызметі келгенше туыстарын құтқарамын деп өзі де улы газбен уланып көз жұмған.

"Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне хабарлама түнде сағат 3:26 да келіп түсті. Өртті сөндіру үшін жеке құрамның 21 адамы мен 5 техникасы жұмылдырылды. Сағат 4-24 минутта өрт толығымен сөндірілді", - деп қосты баспасөз қызметінде.

Автор:
Айдана Демесинова
09:29, 6 Қараша 2020
0
9599
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны