Оқиға

Степногорскте шыққан өрт салдарынан кішкентай балалар қаза тапты

Иллюстративное фото с сайта pixabay.com
Степногорскте саяжай кооперативінде өрт шықты. Оқиға орнында бес адамның мәйіті табылды, оның ішінде балалар бар, деп хабарлайды Kazpravda.kz Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"10 маусымда сағат 00:50 "Рассвет" саяжай кооперативі 91 учаскедегі үйде 20 шаршы метр аумақта өрт шықты. От моншаға таралды (8 шаршы м.). Қызыл жалын 28 шаршы м аумақты шарпыды", – делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілер отты сағат 03:40 жойғаны айтылды.

"Оқиға орнынан 5 мәйіт табылды: 1955 жылы туған азаматша - үй иесі, 1976 жылы туған оның ұлы, 2013 жылы туған немересі, 2015 жылы туған немересі. Бақилық болған тағы бір адамның кім екені анықталуда. Өрттің шығу себебін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде", – деп қосты баспасөз қызметінде.

Автор:
Айдана Демесинова
10:14, 10 Маусым 2020
0
13586
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны