Оқиға

СҚО-да жеке үйде шыққан өрт салдарынан ер адам қаза тапты

Фото КЧС МВД РК
СҚО-да жеке үйде шыққан өрт 1964 жылы туған ер адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

"24 ақпанда сағат 21:00 өрт сөндіру қызметіне Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылында от шыққаны туралы хабар түсті. Газ баллонындағы ақаулық салдарынан газ шығып, кейін 12 шаршы метр аумақтағы жиһаз өртенді. Құтқарушылар қызыл жалынды сағат 21:37 ауыздықтап, сағат 21:56 жойды. Тілсіз жау салдарынан 1964 жылы туған ер адам жарақаттар алып, жедел жәрдем көлігінде қаза тапты", – деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінде.

Отпен күресуге СҚО ТЖД 5 құтқарушысы мен 2 техникасы тартылғаны аталып өтілді.

09:45, 25 Ақпан 2019
0
2554
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны