Оқиға

СҚО-да отты абайсыз пайдаланған әйел қаза тапты

Фото из открытых источников
СҚО-да ішімдікке мас болып, отты абайсыз пайдаланған әйел көз жұмды, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

"17 наурызда сағат 05.42 СҚО Ақжар ауданы Новосельское ауылында бір қабатты екі пәтерлі үйде 12 шаршы метр аумақта өрт шықты. Отты жергілікті тұрғындар жойды (жақын маңдағы өрт сөндіру бөлімі – 95 шақырым жерде). Өрт сөндіру қызметі тартылмады. Оқиға орнынан 1983 жылы туған әйелдің мәйіті табылды", – деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметінен.

Тілсіз жаудың шығу себебі – ішімдікке мас болып, отты абайсыз пайдалану.

Наурыз айының басында, Павлодар тұрғыны пәтерде болған жарылыс салдарынан қаза тапқаны туралы хабарланған.

Автор:
Лаура Тусупбекова
09:42, 18 Наурыз 2019
0
4964
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны