Оқиға

СҚО-да ер адам балаларын құтқару кезінде суға кетті

Иллюстративное фото из открытых источников
СҚО-да Есіл өзенінде балаларын құтқарған ер адам суға батты, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

СҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратынша, қайғылы оқиға демалыс күндері Есіл ауданында орын алған. Бір жанұя Есіл жағалауында демалып жатқан. 14 және 16 жастағы екі қыз, 9 жасар туысымен суда селфи жасамақ болған. Бір мезетте оларды қатты ағыс шайып кетті.

"Әкесі, 45 жастағы ер адам балаларды құтқару үшін суға түсті. Балаларды құтқарды, алайда өзі батып кетті", – делінген хабарламада.

Өткен аптада Солтүстік Қазақстан облысындағы су қоймаларында үш адам суға кетті.
10:04, 31 Шілде 2019
0
2543
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны