Оқиға

ШҚО-да полиция бөлімшесінде күдікті көз жұмды

Иллюстративное фото: Kazpravda.kz/Талгат Аханов
Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Мақаншы ауылындағы полиция бөлімшесінде күдікті қаза тапты, деп хабарлайды Kazpravda.kz ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін оқиға орнына департамент басшысы Сағат Мәдиев келді.

"Мақаншы ауылының полиция бөлімшесінде 33 жастағы ер адамның қайтыс болғанын растаймын, ол мал ұрлығы бойынша күдікті ретінде полиция бөлімшесіне жеткізілген болатын. Менің басқаруыммен арнайы топ құрылды", – деді Мәдиев.

Оның сөзіне қарағанда, ұсталғанды қинағанын не оған күш көрсетпегенін анықтау үшін өзіндік қауіпсіздік басқармасы сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.

Процессуалдық прокурорлардың тобы тағайындалғаны аталып өтілді.

"Жақын туыстарының қатысуымен оқиға орнына қарау жүргізілді. Қажетті сараптамалар, оның ішінде паталогоанатомиялық зерттеулер өткізілді, әзірге сараптама нәтижелері дайын емес.Қайтыс болған азаматтың отбасына Үрджар ауданың әкімімен бірге барып, оның туыстары мен достарының уәждерін тыңдадым, оның барлығы қаралуда.Мен жақын туыстары мен достарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын.Кінәлі адамдар заңмен белгіленген жауапкершілікке тартылады", – деп қосты ШҚО ПД басшысы.
Автор:
Айдана Демесинова
15:58, 19 Қазан 2020
0
14613
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны