Оқиға

ШҚО-да әйел киімін киген ер адам шағын несие ұйымын тонады

Коллаж с сайта polisia.kz
Шығыс Қазақстан облысында әйел киімін киген ер адам шағын несие ұйымын тонады, деп хабарлайды Kazpravda.kz ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

" 21 наурызда сағат 11:30-да Риддер қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне қала тұрғынынан қоңырауы келіп түсті. Ол ЖШС-нің бірінің микроқаржы ұйымының кеңсесі тоналғаны туралы хабарлады. Оның үстіне жәбірленуші ірі көлемдегі ақша сомасын ұрлаған қаскөй әйел адам болды деп сендірді. Оқиға орнына дереу Риддер қ. ПБ тергеу-жедел тобы, сондай - ақ криминалдық полиция бөлімшесінің аймақтық-аумақтық қызметкерлері жіберілді", – делінген хабарламада.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлерін жәбірленушілер мен куәгерлердің "қаскөй қыз болды" деген мәлімдемесі жалған ізге түсіріп, адастырды.

"Алайда, бір сағат ішінде жедел уәкілдер күдікті азаматты анықтап, ұстады. Ол Риддер қаласының 45 жастағы тұрғыны болып шықты. Қаскүнем көптен бері Риддер қаласындағы базарлардың бірінде орналасқан пайызсыз қарыз беретін микроқаржы ұйымының кеңсесіне шабуылды жоспарлағаны анықталды", – деп қосты полицияда.

Баспасөз қызметінің ақпаратынша, әйелдер киімін киіп алып (капюшоны бар ақ түсті әйелдер курткасы, өкшесі бар ақ етік, әйелдер паригі, қара шарф және бет-әлпетін жасыратын медициналық маска киіп алған), қаскүнем танымастай өзгерді. Ол кеңсеге кіріп, қару тәрізді затпен қорқытып, менеджерден ірі көлемдегі қаражатты ашық түрде ұрлады.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.


Автор:
Айдана Демесинова
11:28, 1 Сәуір 2021
0
10150
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны