Оқиға

Шымкентте мүгедек қызды жеті жыл бойы зорлаған

Иллюстративное фото с сайта pstimaj.com
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен Шымкент қаласы әкімдігінің "№2 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ-де арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын тексеру мақсатында мониторингтік топ құрылады, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

Мониторингтік топтың құрамына бейінді мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және т. б. өкілдері кіретіні айтылды.

"Комиссия қамқорлыққа алынғандарға қатысты тұру, тамақтану, төсек-орын жабдықтарымен, киіммен және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілу жөніндегі стандарттардың сақталуын, сондай-ақ көрсетілетін әлеуметтік-медициналық қызметтердің сапасын тексереді.

Шымкент қаласының тұрғыны Әлия Мамутованың Instagram-пабликіндегі үндеу хаты тексеру жүргізуге негіз болды. Әйел І топтағы мүгедек қызы мекемеде 7 жыл бойы зорлағанын хабарлады. Оның айтуынша, қызы есінен танып қалған кезде оны пайдаланған, қыз эпилепсиядан зардап шегеді

Айта кетейік, қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің «Бірнеше рет жасалған зорлау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде", – деп мәлімдеді ведомствода.

Тексеру нәтижелері туралы қосымша хабарланатыны аталып өтілді.

"Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері жергілікті тұрғынның қызына қатысты заңсыз әрекеттер жасалғаны туралы арызы бойынша ҚР ҚК-нің 120-бабы 2-бөлігінің 4-тармағымен "Бірнеше рет жасалған зорлау" сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғастыруда. Тергеумен тиісті сараптамалар және бірқатар тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілді. Сотқа дейінгі тергеу аясында мекемеде жұмыс істейтін барлық ер адамдар мен 2010 жылдан бері жұмыс істеген азаматтардан жауап алынуда. Тергеу амалдары аяқталғаннан кейін түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады", – деді қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінде.
Автор:
Айдана Демесинова
17:38, 25 Қаңтар 2021
0
13753
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны