Оқиға

Павлодарда 14 жастағы қыз өртенген үйден кішкентай сіңлілерін алып шықты

Фото из открытых источников
Павлодарда 14 жастағы қыз өртенген жеке үйден өзінің кішкентай сіңлілерін алып шықты. Тілсіз жау салдарынан 1948 жылы туған ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

"21 ақпанда сағат 15.29 өрт сөндіру қызметіне Павлодарда Карл Маркс көшесінің бойында орналасқан екі пәтерлі үйде от шыққаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сақшылары үйдегі заттардың, жиһаз, пәтерлердің біріндегі ағаш қоршаулар, сонымен қатар үй шатырындағы ағаш құрылыстар өртеніп жатқанын анықтады. Қызыл жалын сағат 16:35 ауыздықталып, сағат 19:51 жойылды. 120 кв. м аумақ отқа оранды. Өрт сөндірушілер 4 газ баллонын шығарды. Тілсіз жаумен күрес кезінде 1948 жылы туған ер адамның мәйіті табылды", – деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінде.

Ведомствода атап өткендей, өрт сөндірушілер келгенге дейін үйде болған 14 жастағы қыз терезе арқылы 2015 жылы туған екі сіңлісін баспанадан алып шыққан.

Өрттің шығу себебі мен келтрілген залал анықталып жатыр. Отты сөндіруге Павлодар облыстық ТЖД 22 құтқарушысы мен 9 техникасы тартылды.

11:56, 22 Ақпан 2019
0
3549
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны