Оқиға

Оңтүстік Кореяда екі қазақстандық қаза тапты – ҚР СІМ

Фото ©Адильбека Тауекелова/Kazpravda.kz
Оңтүстік Кореяда екі қазақстандық қаза тапты. ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

"2020 жылғы 12 қазанда Оңтүстік Кореяда екі қазақстандық қаза тапты. Жергілікті полицияның біздің дипломаттарға берген алдын ала ақпараты бойынша,жұмыс орнындақауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан алған жарақаттарға байланысты қаза болған.Аталған жағдайлар бойынша тергеу жұмыстары басталды. Біздің отандастарымыз Кореяда заңсыз жүргенін атап өту қажет", - делінген ҚР СІМ хабарламасында.

Баспасөз қызметінде марқұмдардың туыстарымен байланыс орнатылғаны аталып өтілді.

"Елшіліктің консулдық бөлімі барлық қажетті құжаттарды рәсімдеп, азаматтарымыздың денелерін елгежеткізу бойынша тиісті шараларды қабылдауда", - деп атап өтті ведомствода.
Автор:
Айдана Демесинова
16:18, 13 Қазан 2020
0
3639
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны