Оқиға

Нұр-Сұлтандағы автобустардың соқтығысу сәті видеоға ілікті

Скриншот с видео
Нұр-Сұлтандағы автобустардың соқтығысу сәті видеоға ілікті, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

Еске сала кетейік, Елордада Қабанбай батыр көшесінде үш жолаушылар автобусының қатысуымен ірі жол-көлік апаты орын алды, жапа шеккендер бар.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, №301 автобустың жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты", – деп хабарлады астаналық ПД.



"Ұлы Дала көшесі мен Қабанбай батыр даңғылының қиылысында үш автобус пен жеңіл көліктердің қатысуымен жол-көлік апаты орын алды. Қала маңы бағытында жүретін №301 автобус №12 автобусқа соғылған. Кейін №53 автобус пен жедел жәрдем көлігін соққан. Алдын ала ақпарат бойынша жапа шеккендер бар. Оқиғаның анық-қанығы кейін хабарланады", – деп мәлімдеді елордалық әкімдіктің баспасөз қызметінде.

Автор:
Инга Селезнева
11:02, 26 Наурыз 2019
0
4359
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны