Оқиға

Нұр-Сұлтанда төртінші қабаттан құлаған бір жасар нәресте аман қалды

Фото ©Адильбека Тауекелова/Kazpravda.kz
Нұр-Сұлтанда нәресте төртінші қабатта орналасқан терезеден құлады, деп хабарлайды Kazpravda.kz қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Кеше 18 мамырда кешкі уақытта қалалық аурухананың жансақтау бөліміне 4-ші қабаттан құлап, ауыр жарақаттар алған 1 жастағы бала келіп түсті. Ол үйінде анасымен және 2 жастағы ағасымен болған. Анасы кір жуып жатқан кезде нәресте асүйдің терезесінен құлап кеткен. Терезеде москитті тор болған, ал бұғаттайтын құрылғы мен темір тор орнатылмаған", – делінген ақпаратта.

Полицияда хабарлағандай, жыл басынан Нұр-Сұлтанда көпқабатты үйлердің терезесінен 4 бала құлап кетті, бір бала қайтыс болды. Қайғылы оқиға өткен аптада орын алған: 10 қабаттағы балконнан 4 жастағы бала құлап, алған жарақаттар салдарынан көз жұмды..

Нәрестемен үйде анасы болған. Ол үй жинап жүріп, бөлмеден 1-2 минутқа шығып кеткен. Онымен қоса терезелерде шектеу құрылғылары болған. Дегенмен бала оны ашып терезеден құлап кеткен.
Автор:
Жанат Тукпиев
11:49, 19 Мамыр 2021
0
7296
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны