Оқиға

Нұр-Сұлтанда суға батып бара жатқан екі қыз құтқарылды

Фото предоставлено источником
28 шілдеде күндіз Нұр-Сұлтанда суға батып бара жатқан екі қызды құтқарды, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

"Шамамен сағат 15.00 Нұр-Сұлтан – Қарағанды трассасындағы "Причал" қонақ үйі аумағында Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағының құтқарушысы Дмитрий Инкин суға батып бара жатқан қызды көріп, дереу оны құтқаруға кірісіп, судан алып шықты. Кейін тағы бір қыз құтқарылды. Оның өмірін сақтап қалуда Дмитрийге елордалық полицияның аға инспекторы Руслан Саидов көмектесті", – делінген Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД хабарламасында.

Дмитрий Инкин қызға алғашқы медициналық көмекті уақытылы көрсетіп, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.

Благодаря оперативным и профессиональным действиям Дмитрий Инкин мен Руслан Саидовтың кәсіби және жедел әрекеттерінің арқасында 1988 және 1996 жылдары туған қыздар өлім аузынан аман қалды.



08:36, 29 Шілде 2019
0
1995
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны