Оқиға

Нұр-Сұлтанда өрт болған жерден жас әйелдің мәйіті табылды

Фото пресс-службы ДЧС г.Нур-Султан
Нұр-Сұлтанда өрт болған жерден жас әйелдің мәйіті табылды, сондай-ақ 12 адам жапа шекті. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

Сағат 14:14-те "101" пультіне Күйші Дина 39/1 мекенжайы бойынша өрт болып жатқаны туралы хабар түскені айтылды.

"7 минуттың ішінде өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп, екінші қабатта пәтер отқа оранғанын анықтады. Жалын 45 шаршы метрді шарпыды. Подъезд ішінде қою түтін болғандықтан құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялауға кірісіп кетті ", – делінген хабарламада.

Отты ауыздықтау кезінде АКК баспалдағы және құтқару маскасы арқылы жалпы 20 адам, оның ішінде 9 бала құтқарылғаны аталып өтілді.

"Өрттің салдарынан әр түрлі жарақатпен ауруханаға, алдын-ала болжам бойынша, 12 адам жеткізілді, олардың 6 –уы балалар (нақты зардап шеккендер саны анықталуда). Өкінішке қарай, өрт сөндіру кезінде 4 қабаттан 1987 жылғы қыздың өлі денесі табылды. Тілсіз жау 14.37 ауыздықталып, 14.41 толығымен сөндірілді. Өрт сөндіруге 9 бірлік техника және 31 адам жұмылдырылды", – деп қосты баспасөз қызметінде.

Өрттің себебі анықталуда.






Автор:
Айдана Демесинова
16:44, 12 Ақпан 2020
0
14643
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны