Оқиға

Нұр-Сұлтан тұрғыны 32 қабаттағы терезеде ілініп тұрып, күйеуін қорқытқан

Фото: instagram.com/zhest_kz
"Северное сияние" тұрғын үй кешенінің 32-ші қабатындағы терезеде ілініп тұрған күйде фотоға түсіп қалған қыз полицияда осындай әрекетімен күйеуін қорқытпақ болғанын түсіндірді, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

"Северное сияние" тұрғын үй кешенінің 32-ші қабатындағы терезеде ілініп тұрған қыздың суреті Инстаграм желісіндегі Zhest.kz парақшасында 27 шілдеден 28 шілдеге қараған түні жарияланды. Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінде болған оқиғаның анық-қанығын айтып берді.

Елордалық полиция департаментінің ресми өкілі София Қылышбекова айтқандай, қыз бен оның күйеуін оқиға орнына жеткен жасақ "Есіл" аудандық полиция басқармасына апарған. Онда қыз күйеуімен ұрсысып қалған соң, оны қорқыту үшін осындай әрекетке барғанын түсіндірді. Алайда секіру ойында да болмаған.

Баспасөз қызметінің ақпаратынша, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзғандары үшін ерлі зайыптыларға қатысты әкімшілік өндіріс қозғалды.


11:05, 28 Шілде 2019
0
5416
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны