Оқиға

Нұр-Сұлтан маңында демалыс орны отқа оранды

Скриншот с видео
Нұр-Сұлтан қаласының маңында орналасқан Ақмола облысы аумағындағы демалыс орнында өрт шықты. Әріптестеріне көмектесу үшін елордалық өрт сақшылары оқиға орнына шықты. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

Жібек Жолы кентінде демалыс орны отқа оранды. Жел жағдайды ушықтырды. Онымен қоса бір аптадан артық уақыт бойы кентте су жоқ.

"Сағат 15.40 Нұр-Сұлтан ТЖД өрт сөндіру құрылымдары Ақмола облысындағы әріптестеріне көмектесу үшін Жібек жолы кентіне шықты. Оқиға орнына жеткенде, Astana Resort демалыс орны орталығында, алдын ала болжам бойынша, монша, қонақ үйлер өртенді", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратынша, Нұр-Сұлтан қаласының бірінші өрт сөндіру құрамы сағат 16:01 оқиға орнына жетті.

"Жібек Жолы кенті Нұқ-Сұлтан қаласының аумағына тиесілі емес, алайда алгоритм мен ықпалдасу жоспарына сәйкес, біздің қызметкерлер жақын маңдағы жерлерге шығады. Қазір елордалық өрт сақшылары қызыл жалынмен күресуде. Оттың таралу қаупі бар", - деп қосты ТЖД-де.


Автор:
Айдана Демесинова
16:45, 10 Маусым 2020
0
4055
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны