Оқиға

ҚР Қорғаныс министрлігі Арыстағы жарылысқа байланысты мәлімдеме жасады

Фото пресс-службы Министерства обороны РК
Қазақстанның қорғаныс министрлігі Түркістан облысы Арыс елді мекеніндегі әскери бөлім қоймасында болған жарылысқа байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

"Ағымдағы жылдың 24 маусымында Түркістан облысы Арыс елді мекенінің жанында орналасқан ҚР ҚК-нің қару-жарақ қоймасының бірінде оқ-дәрілер жарылып, арты өртке ұласты. Қазіргі уақытта зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда. Қорғаныс министрлігінің басшылығы атынан оқиға орнына арнайы құрылған комиссия жіберілді. Қарулы Күштеріндегі жеке құрамның күштерімен оқиғаның салдарын жою іс-шаралары ұйымдастырылды", - делінген ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми хабарламасында.

Осыған дейін хабарланғандай, Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімде жарылыс орын алды. Тілсіз жаумен күресуге өңірлік ТЖД 30 құтқарушысы мен 8 техникасы тартылды.

Түркістан облыстық ТЖД атап өткендей, өрт сөндіру және адамдарды қауіпсіз жерге шығару жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, жапа шеккендер туралы ақпарат анықталуда. Облыс әкімінің басшылығымен жұмыс тобы құрылды.

Автор:
Айдана Демесинова
11:51, 24 Маусым 2019
0
2924
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны