Оқиға

Қыз үшін төбелескен павлодарлық ауруханаға түсті

скриншот с видео
Павлодардағы тұрғын үйлердің біріндегі подъездегі ер адамдардың төбелесі бейнебақылау камераларына ілікті. Бейнеролик әлеуметтік желілерде тарап, төбелескен жігіттердің бірі ауруханаға түскені белгілі болды, деп хабарлайды Kazpravda.kz өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

14 ақпанда әлеуметтік желілерді мониторингілеу кезінде Tipavlo пабликінде Камзин көшесіндегі 160-шы үйдің кіреберісінде төбелес фактісі бойынша бейнеролик жарияланғаны анықталды.

"Төбелес бойынша полицияға хабар түспеді, полицияны ешкім шақырған жоқ. Бірақ желіде жарияланғаннан кейін бұл факт Павлодар қаласының оңтүстік полиция бөлімінде тіркелді. Учаскелік полиция инспекторлары аталған фактіге қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде барлық қатысушылар анықталды. 21 және 23 жастағы ер азаматтар арасында бойжеткен үшін жанжал туғаны белгілі болды. Салдарынан 23 жастағы жігіт жарақат алып, ауруханаға түсті. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша" құқық бұзушыларға " қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал сотқа жіберілді",- деді Павлодар қаласының оңтүстік полиция бөлімінің бастығы Жеңіс Жансеркенов.

Баспасөз қызметінде жыл басынан бері денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін 816 әкімшілік іс қозғалғанын атап өтті.


Автор:
Айдана Демесинова
10:17, 15 Ақпан 2021
0
11477
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны