Оқиға

Қазақстандық студент Қытайда қаза тапты

Фото: makzer.livejournal.com
Ағымдағы жылдың 26 сәуірінде Чанчжоу қаласындағы (Цзянсу провинциясы, ҚХР) тұрғын үйлердің бірінің 17-қабатынан құлау салдарынан 1995 жылы туған ҚР азаматшасы Сандира Серікханова қайтыс болды, деп хабарлайды Kazpravda.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қыз , Цзянсу провинциясының технологиялық университетінің студенті болған.

"Бұл қайғылы оқиға туралы ақпаратты алғаннан кейін ҚР Шанхайдағы Бас консулдығының қызметкерлері марқұмның ата-анасына дереу хабарлап, сондай-ақ еліміздегі Қытай Елшілігінде С. Серікханованың әкесіне және ағасына ҚХР визаларын жедел ресімдеуге көмек көрсетті. Олар Чанжоу қаласына келгеннен кейін ҚР Шанхайдағы Бас консулдығының дипломаттары Қоғамдық қауіпсіздік департаментінің өкілдерімен, С. Серікханова оқыған университеттің және сақтандыру компаниясының өкілдерімен кездесу ұйымдастырды", – делінген хабарламада.

Ведомствода атап өткендей, өткен кездесуде туған-туыстарына С.Серікханова қаза тапқан үйдің подъездінде орнатылған камералардың тиісті бейнематериалдары көрсетілді.

"Тергеу әрекеттерінің нәтижелеріне сәйкес, өлім жазатайым оқиға салдарынан болғаны анықталды. Кісі өлтіру күдігі анықталған жоқ.Қазақстандық дипломаттар Шанхайда қаза тапқан ҚР азаматының мәйітін Отанына тасымалдауға көмек көрсетті. 2 мамырда С.Серікханованың денесі Пекиннен Нұр-Сұлтанға жеткізілді", – деп қосты баспасөз қызметінде.

22 мамырда қайтыс болған С.Серікханованың әкесі ҚР Шанхайдағы Бас консулдығына оның қызының қайтыс болуы туралы істі қайта қарауды сұрап, еліміздің дипломаттары ҚХР полициясына тиісті өтініш жолдап, нәтижесінде бұл істің қайта қаралуы басталған.

Істі қайта қарау қорытындысы бойынша Қытай полициясы С.Серікханованың өлімі жазатайым оқиғасы салдарынан болғанын растады. Кісі өлтіру күдігі қайта анықталған жоқ.

Автор:
Айдана Демесинова
15:58, 16 Шілде 2019
0
5248
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны