Оқиға

Қарағандыда ер адам қызғаныш салдарынан 29 жастағы әйелді буындырды

Фото из открытых источников
Қарағандыда ер адам қызғаныш салдарынан 29 жастағы әйелді буындырды, деп хабарлайды Kazpravda.kz Қарағанды облыстық полиция депертаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

30 шілдеде сағат 13:30 Қарағанды қаласындағы үйлердің бірінен 29 жастағы әйелдің мәйіті табылды.

"Полиция қызметкерлері дереу онымен бірге тұрған 27 жастағы ер адамды анықтады. Күдікті бастапқыда тергеушілерді шатастырмақ болған. Алайда полицейлердің кәсібилігінің, дәйекзаттардың арқасында ер адам қызғаныш салдарынан буындырып өлтіргенін мойындады", – делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 99 бабы 1 бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

08:36, 31 Шілде 2019
0
1986
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны