Оқиға

Қарағанды облысында жүргізуші әйел адамды қағып кетті

Иллюстративное фото из открытых источников
Қарағанды облысында жаяу жүргіншілер өтпе жолында әйел адамды соғып өлтірді, деп хабарлайды Kazpravda.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, 18 шілдеде шамамен сағат 08:00 Саран тас жолында жаяу жүргіншілердің өтпе жолында Ваз 2110 көлігінің 29 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан әйел адам оқиға орнында көз жұмды", – делінген таратылған хабарламада.

Бұл факт ҚР ҚК 345 бабы 3 тармағы бойынша тіркелді, тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп қосты баспасөз қызметінде.

Автор:
Айдана Демесинова
15:25, 18 Шілде 2019
0
2470
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны