Оқиға

Қарағанды облысында жол-көлік апаты салдарынан полицей қаза тапты

Фото с сайта pixabay.com
Қарағанды облысында жүк көлігінің қатысуымен болған жол-көлік апаты салдарынан полицей көз жұмды, деп хабарлайды Kazpravda.kz өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"15 сәуір күні сағат 06:40 та "Екатиринбург-Алматы" тас жолында Балқаш қаласынан Қарағанды қаласы бағытына 45 шақырым жерде, 41 жастағы азаматтың басқаруындағы "Вольво" жүк көлігімен 33 жастағы облыстық патрульдік полиция батальоны инспекторының басқаруындағы "Киа рио" автокөліктерінің соқтығысуымен жол көлік оқиғасы болды. Жол-көлік оқиғасының салдарынан алған дене жарақаттарынан арнайы көліктің жолаушысы, қызмет бабында жүрген облыстық патрульдік полиция батальонының инспекторы, 46 жастағы Хайдар Оразбаев көз жұмды, ал арнайы көліктің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Қарағанды облыс Ішкі істер органының басшылығымен жеке құрамы қайтыс болған әріптесіміздің туған-туыстарымен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады", – делінген хабарламада.

Полиция аға лейтенанты Хайдар Оразбаев Ішкі істер органында 1995 жылдың қыркүйек айынан бастап қызмет атқарғаны аталып өтілді. Үйленген. Төрт бала тәрбиелеген.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345 бабы 3 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Автор:
Айдана Демесинова
10:44, 15 Сәуір 2021
0
4342
Жазылу

Көп оқылғаны