Оқиға

Қарағанды облысында сегіз вагон темір жолдан шығып кетті

Фото предоставлено источником
Қарағанды облысында сегіз вагон темір жолдан шықты, деп хабарлайды Kazpravda.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2 қарашада сағат 06:00-де Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданындағы Ботақара станциясы темір жол аралығының 27 шақырамында кірме жолдарында көмір тиелген 8 вагонның доңғалақ жұптары жолдан шықты, оның екеуі аударылды", – деп мәлімдеді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Оқиға салдарынан 150 метр темір жол төсеміне зақым келген.

Оқиға пойыздардың қозғалысына әсер еткен жоқ. Зардап шеккендер жоқ. "Разрез "Кузнецкий" ЖШС қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.

Автор:
Айдана Демесинова
14:50, 2 Қараша 2020
0
2829
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны