Оқиға

Қарағанды облысында болған жол-көлік апатында төрт адам қаза тапты

Фото из открытых источников
Қарағанды облысында "Қарағанды-Атасу" тас жолында болған жол-көлік апаты салдарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

"17 ақпанда шамамен сағат 17:00 "Қарағанды-Атасу" тас жолында Ақой ауылынан 15 шақырым жерде Audi көлігінің 35 жастағы жүргізушісі көлікті басқара алмай, қарсы жолаққа кетіп Mazda маркалы көлікпен соқтығысты. Салдарынан Audi шығып көлігінің төрт жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Mazda көлігінің 37 жастағы жүргізушісі мен екі жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді", – деп хабарлайды Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда жол-көлік апатына көктайғақ себеп болғаны аталып өтілді.

Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК 345 бабы 4 бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Автор:
Лаура Тусупбекова
08:38, 18 Ақпан 2019
0
3528
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны