Оқиға

Елордалық тұрғын үй ауласынан ер адамның мәйіті табылды

фото Toppress
Highville тұрғын үй кешенінің ауласынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Kazpravda.kz Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Қошқарбаев көшесінің бойындағы үй ауласынан ер адамның мәйітінің табылу фактісі бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мәселенің мән-жайы анықталуда", - деп мәлімдеді полицияда.

Құқық қорғау органдары қаза тапқан терезеден құлап түсті деп болжауда, алайда толық мәлімет айтылмады.

Қайғылы оқиға "G" блогының маңында орын алды, деп хабарлайды Toppress.kz.

"Мен досыммен қыдырып жүргенде полиция көліктерін көрдім. Бір адамның жатқанын аңғардым. Қайғылы оқиға болған екен, өкінішті. Адам 20-21 қабаттан құлап түсті деген болжам бар", - деді куәгерлердің бірі.

Автор:
Лаура Тусупбекова
15:29, 5 Тамыз 2019
0
2557
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны