Оқиға

Елордада үш автобустың қатысуымен ірі жол-көлік апаты орын алды

Скриншот с видео
Елордада Қабанбай батыр көшесінде үш жолаушылар автобусының қатысуымен ірі жол-көлік апаты орын алды, жапа шеккендер бар, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

"Ұлы Дала көшесі мен Қабанбай батыр даңғылының қиылысында үш автобус пен жеңіл көліктердің қатысуымен жол-көлік апаты орын алды. Қала маңы бағытында жүретін №301 автобус №12 автобусқа соғылған. Кейін №53 автобус пен жедел жәрдем көлігін соққан. Алдын ала ақпарат бойынша жапа шеккендер бар. Оқиғаның анық-қанығы кейін хабарланады", – деді елордалық әкімдіктің баспасөз қызметінде.

"Жаңа ғана, жолым болып, апаттан аман қалдым. Мына жерде әйел отырған. Мына жерде жүргізуші отырды – аман қалуы екіталай. Жедел жәрдемге де соғылды. Тағы бір автобус пен жеңіл көлікті де іліп әкетті", – деді видео түсірген жолаушылардың бірі.




10:15, 26 Наурыз 2019
0
4881
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны