Оқиға

Буындырып, тонын шешіп алды: Алматыда екі ер адам қызды тонады

Фото dpchas.com.ua
Блогер Думан Жұмаділов Facebook әлеуметтік желісінде видеоролик жариялады. Онда Алматыда белгісіз біреулер қызға шапқыншылық жасады. Видеодан қызды буындырып, сөмкесі мен тонын шешіп алғанын көруге болады, деп хабарлайды Kazpravda.kz тілшісі.

"Қыздар абай болыңыздар! Ер адамдарға да қатысты! Жетісу 4 шағын ауданы. Казкомның маңында", – деп жазды блогер видео астында.

Видео кадрларына қарағанда оқиға түнде болған. Ер адамның бірі қызды буындырды, нәзік жанды есінен танғанда оны жерге жатқызып, тонын шешіп алды. Бұл уақытта оның сыбайласы жанында тұрып, біріншісі шаруасын аяқтағанын күтіп тұрған сияқты.



Алматылық полиция департаментте аталған оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Абырой болғанда қыз аман қалды.

"15 ақпанда 35 жастағы әйелге шапқыншылық жасалу фактісі бойынша ҚР ҚК 192 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жедел тергеу тобы құрылды. Ол қылмыстың бетін ашу бойынша кешенді шаралар жүргізіп жатыр.
Айыпты тұлғалар тиісті жазасын алады. Атап өтейік, тонау салдарынан нәзік жанды зардап шекпеді. Дәрігерлердің көмегіне жүгінбеді. Оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ", – деді Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Автор:
Инга Селезнева
11:40, 21 Ақпан 2019
0
7273
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны