Оқиға

Балқашта ғимарат қирады: жапа шеккендер бар

Фото пресс-службы МЧС РК
Балқаш қаласында жұмыс істемейтін ғимараттың құлауы салдарынан төрт адам жапа шекті, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

"12 қарашада Балқаш қаласында Ленин көшесі бойында жұмыс істемейтін ғимараттың шамамен 360 шаршы метр алаңда қабырғасы қирады. Қабырға құлау салдарынан кірпіш сынықтарынан іргелес ғимараттағы авто жөндеу шеберханасында 4 адам жарақат алды",- деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Бұдан басқа, іргелес жұмыс істеп тұрған авто жөндеу шеберханасы цехының шатыры, терезелері, қабырғасы, сондай-ақ жабдықтар мен 3 жеңіл автокөлік зақымдалды.

Төрт ер адам – авто жөндеу шеберханасының қызметкерлері, дәрігерлер тексергеннен кейін үйлеріне жіберілді.

Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда.
Автор:
Айдана Демесинова
18:22, 12 Қараша 2020
0
5117
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны