Оқиға

Астанада жанар-жағармай құю стансасындағы жарылыстың алдын алды

Астананың өрт сөндірушілері жанар-жағармай құю стансасындағы жарылыстың алдын алды, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

"6 наурызда кешке өрт сөндіру қызметінің "101" номеріне Қорғалжын тас жолы, 6 мекен-жайындағы "Синоил" жанар-жағармай құю стансасында өрт шыққаны туралы хабар түсті. Өрт сөндіру қызметінің кезекші құрылымдары оқиға орнына дереу жетті. Жанар-жағармай құю стансасында КIA Sportage маркалы көлік отқа оранғаны және жалын жанар-жағармай құю колонкасына өтуі мүмкін екені анықталды. №3 өрт сөндіру бөлімінің құтқарушыларының кәсібилігі мен шапшаңдығының арқасында бұған жол берілмеді. Өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алып, жақын жердегі көліктерді қауіпсіз жерге шығарды. Қызыл жалын сағат 21-24 ауыздықталып, сағат 21-30 жойылды", – деп хабарлады Астана ТЖД баспасөз қызметінде.

Жапа шеккендер болмағаны аталып өтілді. Өрт себебі анықталуда. Тілсіз жаумен күресуге 14 адам мен 5 техника тартылды.

" КIA Sportage автомобилі толық жанып кетті, сонымен қатар жанар-жағармай құю колонкасының резеңке және пластмассалық бұйымдары зақымданды", – деп атап өтті ведомствода.






09:00, 7 Наурыз 2019
0
5008
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны