Оқиға

Астана полицейлері көлік айдап әкеткен адамды ұстады

Фото из открытых источников
Астаналық полицияға үй ауласынан Hyundai маркалы автомашинаны ұрлап әкеткені туралы хабар түсті, деп хабарлайды Kazpravda.kz елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айдап әкетушіні анықтау және ұстау үшін "Тосқауыл" жоспары жарияланып, патрульдік жасақтарға бағдар берілді.

"Бейнебақылау камералары жүйесін қарау барысында Жедел басқару орталығының инспекторы аталған автомашинаны Мәңгілік ел көшесі бойында байқаған. Ақпарат шұғыл түрде жақын жердегі патрульдік полиция жасақтарына жіберілген. Жүргізуші ізін суыту үшін жолда жүрісі ережесін бұзып, жол жүрісі қозғалысының басқа да қатысушыларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіре отырып, қозғалысты жалғастырған", - деді полицияда.

Қабылданған шаралар нәтижесінде автомобильді айдап әкеткен күдікті қолға түсті. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

18:06, 11 Наурыз 2019
0
5920
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны