Оқиға

Алматының 12 мектебінде жарылғыш заты орнатылды деген хабар түсті

Иллюстративное фото с сайта bigstockphoto.com
Алматының 12 мектебінде жарылғыш заты орнатылды деген хабар түсті, деп хабарлайды Kazpravda.kz қаланың Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бұл туралы қаскөйдің 12 білім беру мекемелерінің электрондық поштасына ақша аударуды сұраған хатынан белгілі болды, ақша аудармаған жағдайда ол мектептің ғимаратын жарып жіберемін деп қорқытқан. Қазіргі кезде саперлер бұл ғимараттарды тексеріп жатыр", – делінген хабарламада.

Аталған факт ҚР ҚК-нің 273 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Белгісіз адамның жеке басын анықтауға және оны одан әрі ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.
Автор:
Айдана Демесинова
10:38, 19 Наурыз 2021
0
10369
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны