Оқиға

Алматы тауларында жоғалған ер адамды іздеуде

Фото: news.myseldon.com
Алматы тауларында жоғалған ер адамды іздеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Kazpravda.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2021 жылғы 11 ақпанда сағат 15.20-да "112" пультіне 1981 жылғы азаматтан оның "Шымбұлақ" шыңына көтеріліп, бағдарын жоғалтқаны және өз бетімен түсе алмайтындығы туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына Республикалық жедел-құтқару жасағының, Апаттар медицинасы орталығының, Алматы қаласының құтқару қызметінің 5 іздестіру-құтқару жасағы, оның ішінде 2 кинологиялық есеп, сондай-ақ "Шымбұлақ" ТШК құтқарушылары дереу жіберілді", - деп мәлімдеді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Оның сөзіне қарағанда, іздестіру-құтқару жұмыстарын үйлестіру үшін оқиға орнында ҚР ТЖМ аумақтық бөлімшелердің құтқарушылары, "109 құтқару қызметі", медициналық қызметтер мен Алматы қаласы әкімі аппаратының қатарынан Алматы қаласы ТЖД жедел штабы құрылды. ТЖ және дүлей зілзалалардың қаупін азайту жөніндегі орталықтың өнеркәсіптік ұшқышсыз ұшу аппараты іске қосылды.

Қазавиақұтқару КА-32 әуе борты (тұман, уақытша ұшу мүмкіндігі жоқ) дайын тұр.

"Бірінші күннен бастап іздестіру жұмыстары қалың тұман, қатты жел, дымқыл қар, нөлдік көріну жағдайында жүзеге асырылды. Құтқару жұмыстары 3200 м астам биіктікте, көшкін қаупі жоғары аумақта жүргізілуде. Жедел-құтқару топтары Шымбұлақ шыңын, жанасып жатқан жотаны, Шымбұлақ өзені бойындағы шатқалды, сондай-ақ Богданович мұздығының ауданын және Талғар асуын қарап шықты. Осылайша, жақын маңдағы елді мекеннің барлық жағынан іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Ауа райының қолайсыздығына және көшкін қаупіне қарамастан, құтқару жұмыстары тоқтатылмайды. Ер адам өзінің орналасқан жерін жібере алмауына байланысты, Алматы қаласы ТЖД қосымша Билайн және Теле-2 ұялы операторларына соңғы геолокацияны анықтау бойынша сұраулар жолдады. Нәтижелері бойынша соңғы іс-қимылдың күні мен уақыты 2021 жылғы 11 ақпан сағат 18:29-да Beeline ұялы байланыс операторы арқылы "Шымбұлақ" базасы тіркелді", - деп қосты ҚР ТЖМ.

Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстарына жеке құрамның 60-тан астам адамы, ТЖМ, РЖҚЖ, АМО, ҚҚ аумақтық бөлімшелерінің 11 техникасы жұмылдырылды. Жақындарының айтуы бойынша жоғалған азамат көк күрте, сұр бас киім мен бәтеңкеде болған.


Автор:
Айдана Демесинова
12:03, 12 Ақпан 2021
0
11213
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны