Оқиға

Алматы облысында санитарлық авиация ұшағы шұғыл жерге қонды

Фото пресс-службы МЧС
Алматы облысында санитарлық рейс жасаған АН-2 ұшағы шұғыл жерге қонды, деп хабарлайды Kazpravda.kz ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Азия Континенталь әуе компаниясының АН-2 әуе кемесінің Боралдай - Кеген бағыты бойынша РРК5481 санитарлық рейсі Боралдай автомобиль жолынан шығысқа қарай 1,5 км мәжбүрлі түрде қонды", – делінген хабарламада.

Ұшақ бортында 5 адам болған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

"ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру басқармасы тергеу жүргізетін болады", – деп қосты ведомствода.


Автор:
Екатерина Елисеева
14:43, 26 Ақпан 2021
0
9648
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны