Оқиға

Алматы облысында өрт салдарынан үш адам қаза тапты

Иллюстративное фото с сайта pixabay.com
Алматы облысында өрт салдарынан сегіз жастағы бала мен екі ересек адам көз жұмды, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

"10 қараша сағат 03.40-та Алматы облысы ТЖД-не Талғар қаласында жеке сектордағы үйдің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына Талғар қаласындағы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің 6 қызметкері мен 2 бірлік техникасы дереу жіберілді", – деп мәлімдеді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Өрт сөндірушілер шақырту орнына келген кезде тұрғын үй толығымен өртке оранған. Сондай-ақ үй төбесінің жабындысы құлағаны анықталды.

Қызыл жалынмен күресу барысында оқиға орнынан 2012, 2001 және 1976 жылдары туған үш адамның денесі табылды.

Өрт сағат 04.06-да оқшауланып, сағат 04.50-де толығымен сөндірілді. Көлемі 40 шаршы метрді құрады. Оттың шығу себептері анықталуда.

"Алматы облысы ТЖД азаматтардан тұрғын үйлерде өрт болдырмау үшін тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды", – деп қосты Уәли.
Автор:
Айдана Демесинова
10:22, 10 Қараша 2020
0
4466
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны