Оқиға

Ақтөбеде шектеу шараларын бұзған дәмхана маңында ер адамды пышақтап кеткен

Иллюстративное фото: Kazpravda.kz/Адильбек Тауекелов
Ақтөбеде шектеу шараларын бұзған дәмхана маңында 37 жастағы ер адамды пышақтап өлтірген, деп хабарлайды Kazpravda.kz өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"7 қаңтар күні сағат 02.25-те Ақтөбе қаласы ПБ ЖБО "102" телефонына Краснощеков көшесінде "Самовар" кафесінің жанында 37 жастағы ер адам пышақ жарақатынан қаза тапқаны туралы хабарлама келіп түсті. Криминалдық полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу барысында 28 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Алдын ала тергеу барысында анықталғандай, дәмханадағы отырыстан кейін төбелес туындап, клиент жәбірленушіге пышақ жарақатын салған", – делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны аталып өтілді. Күдікті Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Аталған дәмхананың әкімшілігі ойын-сауық мекемелерінің жұмыс режимі бойынша шектеу шараларын бұзды. Әкімшілікке қатысты материалдар жиналып, шешім қабылдау үшін сапаны бақылау және қызмет көрсету департаментіне жіберілді", – деп қосты баспасөз қызметінде.
Автор:
Айдана Демесинова
17:56, 12 Қаңтар 2021
0
23557
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны