Оқиға

Ақтөбе облысындағы жол-көлік апатында 3 жасар қыз жапа шекті

Фото из открытых источников
Ақтөбе облысындағы жол-көлік оқиғасы салдарынан 3 жасар бала жапа шекті, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

"14 шілдеде сағат 20:00 "Самара-Шымкент" тас жолының 808 шақырымында, Хромтау ауданындағы Жазық кентінен 2 шақырым жерде "Ваз-2114" көлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, сол жақтағы кюветке аударылды. Жол-көлік апаты салдарынан жарақаттанған 3 жасар қыз Ақтөбе қаласындағы ауруханаға жеткізілді ", – делінген Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жүргізушінің мас күйде болғанын не болмағанын анықтау үшін қан алынғаны аталып өтілді.

Автор:
Айдана Демесинова
12:36, 16 Шілде 2019
0
3134
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны