Оқиға

47 жолаушысы бар автобус Алакөлге апаратын жолда аударылды

Фото: facebook.com/angry.taldyk
Алматы облысында Алакөлге бет алған автобус аударылды. Оның ішінде 47 адам болған, деп хабарлайды Kazpravda.kz тілшісі.

"Автобус Алматы– Өскемен трассасының 462 км аударылды. Автобус салонында 47 жолаушы болған, алайда үшеуіне ғана медициналық көмек керек болды. Жапа шеккендердің үшеуі де (екі ер және бір әйел адам) Сарқан қаласының ауруханасына жткізілді. Жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу амалдары басталды", – деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінде.

Белгілі болғандай, автобус Алматыдан Көктума кентіне, Алакөл көлінің жағалауына бара жатқан. Оқиға орнына дереу полиция, ТЖ қызметі мен дәрігерлер шықты.

Медициналық көмекке мұқтаж болғандар сапарын жалғастырғаны аталып өтілді.

Автор:
Екатерина Елисеева
18:04, 15 Шілде 2019
0
5557
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны