Мәдениет

ТҮРКСОЙ 2020 жылды түрік әлемінде "Абай Құнанбайұлы жылы" деп жариялады

Фото: yoldash.ru
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесі 2020 жылды қазақтың көрнекті ақыны және ағартушысы Абай Құнанбайұлы жылы деп жариялағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Kazpravda.kz тілшісі.

"30 қарашада Қырғызстанның Ош қаласында Түркі мәдениеті халықаралық ұйымына - ТҮРКСОЙ-ға мүше мемлекеттердің мәдениет министрлерінің Тұрақты Кеңесінің 37-ші отырысы өтті. Қазақстан тарапының ұсынысы бойынша ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесі келесі жылды қазақтың көрнекті ақыны және ағартушысы Абай Құнанбайұлы жылы деп жариялады", – деді спикер.

Оның сөзіне қарағанда, Абайдың 175 жылдығына орай ТҮРКСОЙ аясында 2020 жылы бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

Еске сала кетейік, 2019 жылы 30 мамырда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы" жарлыққа қол қойды.

Автор:
Екатерина Елисеева
17:18, 9 Желтоқсан 2019
0
7970
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны