Мәдениет

"Тамаша жетістік!" – Қасым-Жомарт Тоқаев Ержан Максимнің Eurovision Junior байқауында өнер көрсетуі туралы

Фото - скриншот с видео
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Eurovision Junior 2019 байқауында екінші орынға ие болған қазақстандық әнші Ержан Максимнің өнер көрсетуіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

" Ержан Максим беделді Junior Eurovision ән байқауында жүлделі екінші орынға ие болды. Бұл теңдесі жоқ, тамаша жетістік! Сені, ата-анаңды және ұстаздарыңды осындай маңызды жеңіспен құттықтаймын. Алар асуларың биік болсын! Алға!" – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі өзінің парақшасында.

Eurovision Junior 2019 байқауында Ержан Максим ағылшын және қазақ тілдерінде "Арманнан қалма" әнін орындады. 24 қарашада көрермендердің дауыс беру және қазылар алқасының шешімінің нәтижесі бойынша екінші орынға ие болды.

Бірінші орын Польша әншісі Вики Габорға бұйырды.


01:48, 25 Қараша 2019
0
17604
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны