Мәдениет

Нұр-Сұлтанда демалыс күндері қандай шаралар өтеді

Фото ©Адильбека Тауекелова/Kazpravda.kz
Театр премьералары, қуыршақ балеті және көрмелер алдағы демалыс күндері елорда тұрғындары мен қонақтарына көрсетіледі. Барлық іс-шаралар қатаң санитарлық талапқа сай өтеді, деп хабарлайды Kazpravda.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

5 желтоқсан күні сағат 17:00-де Astana Opera-ның камералық залында "Шелковая лестница" бір актілі фарс-операсы ұсынылады.

Сенбі күндері сағат 10:00-ден 17: 00-ге дейін 31 желтоқсанға дейін Тәуелсіздік сарайында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай "Ақанаевтар әулеті" көрмелері, "Өнер қарлығаштары" және "Әлем бала көзімен"атты балалар экспозициялары ашылды. Сондай-ақ, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, "Шабыт" халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің дипломанты, суретші Анар Әубәкірдің "Тылсым"атты көрмесі ұсынылды. Бұдан басқа, Тәуелсіздік сарайының қорындағы "Нұр-Сұлтан қаласына сыйлықтар" көрмесіне баруға болады, елордаға келген ресми делегациялардың сыйлықтары көрсетіледі.

1 желтоқсаннан бастап Тәуелсіздік сарайында National Geographic халықаралық баспасының "Uly Dala Juregi" көрмесі ашылды. Ол дүйсенбіден сенбіге дейін, сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді.

5 желтоқсан күні сағат 12:00-де және 14:00-де әкімдіктің қалалық қуыршақ театрында жас көрермендер "Менің салған суретім" балетін тамашалай алады.

Жастар театрында 5 желтоқсан күні сағат 19.00-де “История возлюбленных" комедиясының премьерасы өтеді.

5 желтоқсан сағат 11:00-де М. Горький атындағы орыс драма театрында "Приключения Настеньки" ертегісі қойылады. Трансляция YouTube-те көрсетіледі. https://www.youtube.com/c/ТеатрГорькогоНурСултан.

5 желтоқсан сағат 18:00-де М. Горький атындағы орыс драма театрында А.Островскийдің пьесасы негізінде "Гроза" спектаклі өтеді.

13:23, 4 Желтоқсан 2020
0
20877
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны