Мәдениет

Нұр-Сұлтанда ашық аспан астындағы кинотеатр іске қосылды

Фото пресс-службы акимата Нур-Султана
Елордада ашық аспан астындағы кинотеатдың жұмысы жанданды.Алайда авто-кинотеатр аумағына келушілер барлық санитарлық нормаларды ұстануы тиіс, деп хабарлайды Kazpravda.kz қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Көпшіліктің сұрауы бойынша, 2020 жылдың 17 және 22 тамыз аралығында даладағы авто-кинотеатр форматында болатын Nur-Sultan Auto-cinema Festival іс-шарасы қайта жанданады. Аталған шара "Astana Arena" стадионының Қабанбай Батыр даңғылына қарайтын көлік тұрағында өтетін болады", - делінген ақпаратта.

Фестивальде қала тұрғындары мен қонақтары дала кинотеатрын тегін көре алады және шетелдік немесе отандық кино картиналарды тамашалай алады.

Іс-шара ұйымдастырушылары ешқандай қатынассыз тіскебасарлар мен салқын шырындар жеткізуді қамтамасыз етеді, деп атап өтті баспасөз қызметінде.

"Авто-кинотеатр аумағына келушілер барлық санитарлық нормаларды ұстануы тиіс, өзімен бірге медициналық бетберде мен қолғаптардың болуы, әлеуметтік арақашықтықты ұстанғаны жөн", – деп ақпараттандырды ұйымдастырушылар.

Іс-шара 6 күнге созылады және әр күн сайын 2 көрсетілімнен жүріп отырады.

Бірінші көрсетілім сағат кешкі 20:30 басталса, екінші көрсетілім сағат 22:30 басталады.

17 тамыз төмендегі фильмдер ұсынылады:
1. Жена не стена - режиссері Асқар Бейсенбин
2. Рейд: пуля в голове -режиссері Тимо Тьяджанто, Кимо Стамбол
17:13, 17 Тамыз 2020
0
30323
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны