Мәдениет

Кинематография саласына бөлінетін қаржының 70% тарихи, патриоттық және имидждік картиналарға бағытталады

Фото: cosmo.kz
Қазақстанда кинематография саласына бөлінетін қаржының 70% тарихи, патриоттық және имидждік картиналарды әзірлеуге бағыттау жоспарланған. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің алқа отырысында ведомство басшысы Ақтоты Райымқұлова мәлімдеді, деп хабарлайды Kazpravda.kz тілшісі.

"2021 жылы кинематография саласында жыл сайынғы мемлекеттік қаржыландырудың жалпы көлемінің 70%-ын тарихи, патриоттық және имидждік картиналарға, ал қалған 30%-ы мөлшеріндегі қаражатты жеке киножобаларды және жас таланттардың дебюттік фильмдерін қаржыландыруға бағыттау арқылы киноөндіріс саласында жаңа бюджеттік саясатты іске асыру жөніндегі жұмысты жандандырылады", - деді министр.

Райымқұлова Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында жақын арада Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ модернизациясын сапалы жүзеге асыру керек екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құзырлы органдар мен отандық телеарналарға мемлекеттік тапсырыстың белгілі бір бөлігін міндетті түрде тарихи тақырыптарға бағыттауды тапсырған.



Автор:
Айдана Демесинова
18:07, 18 Ақпан 2021
0
30807
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны