Мәдениет

Imanbek "Грэмми" сыйлығына ие болды

Скриншот из видео: Recording Academy / GRAMMYs
Қазақстандық Иманбек Зейкенов әнші Saint Jhn "Roses" әніне ремикс жасағаны үшін "Грэмми" музыкалық премиясын ұтып алды, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

"Музыкант карьерасындағы ең керемет сәт – Grammy ұту, біз соған қол жеткіздік!" – деп жазды Иманбек Instagram желісіндегі парақшасында.

"Грэмми" сыйлығын ұсыну салтанаты онлайн режимде өтті.

20 жастағы Иманбек Зейкенов Павлодар облысындағы Ақсуда туған. Теміржол институтында оқып жүрген сәттен темір жол стансасында жұмыс істей бастады. 2017 жылдан, яғни 17 жасынан ремикстер жазуға кірісті.

2019 жылы "Roses" әніне жазған ремиксінің (YouTube желісінде 117 млн астам ретқаралған) арқасында әлемге әйгілі болды.


08:28, 15 Наурыз 2021
0
24945
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны