Мәдениет

Елбасы Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ президенті Ақан Сатаевты қабылдады

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік алғаннан бері мемлекет әрдайым өнер саласының дамуына ерекше мән беріп келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Kazpravda.kz ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сіздің киноиндустриядағы тәжірибеңіз мол, халықтың ықыласына бөлендіңіз. Фильмдеріңізбен түрлі кинофестивальдерге қатысып жүрсіз. "Анаға апарар жол", "Томирис" және басқа да туындыларыңызды көрермен жылы қабылдады. Қазір сізге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Алдағы жұмысыңызға табыс тілеймін", – деді Елбасы.

Әңгіме барысында Ақан Сатаев Нұрсұлтан Назарбаевқа көркем фильмдер түсіру жоспарлары мен отандық киноның сапасын арттыру бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады.

17:41, 23 Ақпан 2021
0
32137
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны