Мәдениет

Димаш Құдайбергеннің Нью-Йорктегі концерті қашан өтетіні белгілі болды

Изображение: instagram.com/kudaibergenov.dimash
Димаш Құдайбергеннің Нью-Йорктегі концерті 10 желтоқсанда өтеді, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

"10 желтоқсанда Америкада Нью-Йорк қаласындағы Barclays Center стадионында менің жеке концертім өтеді. Жақын арада билеттер сатыла бастағаны туралы хабарлаймын", – деп жазды әнші Instagram желісіндегі парақшасында.

Осыған дейін хабарлағандай, әлемге әйгілі қазақстандық әнші күзде Санкт-Петербургте және Нью-Йоркте жеке концерттері өтетінін мәлімдеген.

17 шілдеде Димаш Couldn't Leave атты ағылшын тіліндегі жаңа әнін таныстырды.

10:34, 5 Қыркүйек 2019
0
4027
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны