Мәдениет

Димаш Құдайберген Лара Фабианмен бірге өнер көрсетті

Скриншот с видео
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген әлемдік жұлдыз Лара Фабианмен бірлесіп алғаш рет өнер көрсетті, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

Димаш Құдайберген, әнші Лара Фабиан, сонымен қатар ресейлік опера әншісі Аида Гарифуллинамен бірлесіп ресейлік композитор Игорь Крутойдың мерейтойына арналған концертте "Ti amo cosi" әнін орындады. Концерт 3 қарашада Мәскеуде өтті.

Кейін Димаш Instagram желісіндегі парақшасында концерттен кейін Лара Фабианмен бірге түскен видео жариялады.

"Кешегі концерт тамаша өтті. Игорь Крутойды концерттің аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын! Шақырғаныңыз үшін рахмет, мұны міндетті түрде өз көзіңмен көру керек! Браво маэстро" – деп жазды Димаш Instagram-да.




17:15, 4 Қараша 2019
0
7885
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны